Қазақстан мен АҚШ СІМ басшылары КҚК төңірегіндегі жағдайды талқылады

Қазақстан мен АҚШ СІМ басшылары КҚК төңірегіндегі жағдайды талқылады
ЖИ: dalanews

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жоспарланған сапарына дайындықты, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы (КҚК) төңірегіндегі жағдайды талқылады.

Соңғы айларда КҚК инфрақұрылымы бірнеше рет шабуылға ұшырағаны белгілі.

АҚШ үшін КҚК-ның тұрақты жұмысы экономикалық тұрғыдан да маңызды. Бұл құбыр арқылы америкалық мұнай-газ компаниялары қатысатын Қазақстандағы ірі кен орындарының мұнайы экспортталады.

Атап айтқанда, Chevron «Теңізшевройл» ЖШС-нің 50 пайыз үлесіне иелік етеді. Бұл компания Теңіз кен орнын игеретін оператор болып саналады. Ал ExxonMobil аталған жобада 25 пайыз үлеске ие.

Сонымен қатар, екі америкалық компания да Қашаған кен орнын игеріп жатқан халықаралық NCOC консорциумының құрамына кіреді. Бұдан бөлек, Chevron Қарашығанақ жобасына KPO компаниясындағы үлесі арқылы қатысады.

Еске салайық, бүгін Каспий құбыр консорциумы терминалындағы тағы екі танкерге шабуыл жасалған еді