Қазақстан экономикасының өсімі өзгермейді: сарапшылар теңге, инфляция және базалық мөлшерлемеге болжам жасады

Қазақстан экономикасының өсімі өзгермейді: сарапшылар теңге, инфляция және базалық мөлшерлемеге болжам жасады
gov.kz

Қазақстан экономикасының 2026-2028 жылдардағы өсіміне қатысты болжам өзгеріссіз қалды. Сарапшылар 2026 жылы ЖІӨ 4,8 пайызға, 2027 жылы 4,6 пайызға, 2028 жылы 4,3 пайызға өседі деп болжап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2026 жылы барреліне 82,7 доллар болады деп болжанып отыр. 2027 жылға болжам - 75 доллар, ал 2028 жылға болжам - 73,7 доллар.

2026 жылғы инфляция бойынша болжам 10 пайыз деңгейінде сақталды. 2027 жылға болжам 7,8 пайыздан 8,5 пайызға, 2028 жылға 6,8 пайыздан 7 пайызға көтерілді.

Базалық мөлшерлеме 2026 жылы 16 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. 2027 жылға болжам 12,8 пайыздан 13 пайызға өскен, ал 2028 жылға болжам 10,6 пайыздан 10,5 пайызға төмендеген.

Сарапшылардың болжамынша, доллар бағамы 2026 жылы 490 теңге, 2027 жылы 516,2 теңге, 2028 жылы 562,2 теңге болады.