Қазақстан бір тәулікте шамамен 30 млн долларлық мұнай экспортынан қағылды: Министрлік мәлімдемесі

Қазақстан бір тәулікте шамамен 30 млн долларлық мұнай экспортынан қағылды: Министрлік мәлімдемесі
ЖИ: Dalanews.kz

Каспий құбыр консорциумының жұмысы және мұнай өндіру көлемдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазіргі уақытта ҚКК теңіз терминалында Қара теңіз акваториясындағы кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылды. Бұл ретте консорциумның барлық өндірістік және техникалық нысандары жарамды жағдайда, штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жағдай қалыпқа келген бойда шикізатты қайта тиеуді дереу бастауға дайын.

Құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты және резервуарлық парктердің шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу мақсатында мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіру көлемдеріне жоспарлы түрде түзету енгізді. Соның нәтижесінде мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді. Бұл шара технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ҚКК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен, кеме иелерімен және салалық мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық мұнай экспортын әлемдік нарықтарға тұрақты түрде мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге қажетті жағдайларды жасау жөнінде үздіксіз консультациялар жүргізілуде.

Еске салайық, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысын уақытша тоқтатуына байланысты күрт төмендеген болатын