2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан шетелге 9,8 мың тонна балмұздақ өнімдерін жеткізген, бұл - 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға (!) артық көрсеткіш, деп жазады Dalanews.kz.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, қазіргі көрсеткіш 2002 жылдан бергі қолжетімді статистикадағы ең жоғарысы.
Экспорттың барлығы дерлігі үш елге тиесілі: Ресей (69%), Қырғызстан (20%) және Өзбекстан (9%). Аталған үш елде Қазақстаннан балмұздақтар сатып алу көлемін ұлғайтқан ең елеулі өсім Ресей Федерациясында тіркелді (екі есеге жуық).
"Өндіріс аздап азайғанымен экспорт көлемі өсті. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында жалпы көлем 49,4 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% аз. Бұл ретте импорт көлемі де шамамен бірдей қарқынмен 12,5 тоннаға дейін қысқарды. Нәтижесінде осы 11 айда ішкі нарықта бір жыл бұрынғымен салыстырғанда балмұздақ 10% азайды", делінген DATA HUB хабарламасында.
Бұған дейін қазақстандық ІТ-қызметтер экспортының көлемі 470 млн доллардан асқанын жазғанбыз.