Қазақстан азаматтарының азық-түлікке кетіретін шығынының ең көп үлесі етке тиесілі

Кәмшат Тілеухан 28 сәу. 2025 15:44 193

Өткен кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары осы жолы да азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,9%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,7%) тиесілі, деп хабарлайды Dalanews.kz Ұлттық статистикалық бюроға сілтеме жасап.

Азаматтар, негізінен, нан мен жарма өнімдерін көп пайдаланады. Жылына орта есеппен бір адам осы тағамдардың 123,5 келісін жейді екен. Одан бөлек мына тағамдарды да жиі тұтынады:

  • ет және ет өнімдері жан басына шаққанда жылына 82,6 келі;
  • балық және теңіз өнімдері-14,2 келі;
  • сүт және сүт өнімдері-232,2 келі;
  • жұмыртқа (дана) - 232,2 келі;
  • майлар - 15,7 келі;
  • жемістер-80,2 келі;
  • көкөністер-80,6 келі;
  • картоп-45,2 келі;
  • қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер-43,1 келі.

"Ет пен ет өнімдері тұтынысының ең жоғары деңгейі Жетісу, Жамбыл, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалады", деп хабарлайды Ұлттық статистикалық бюросы.

Бұған дейін сайтымызда "Біздің жеп жүргеніміз - Қытайдың картобы". Қазақстандікі неге қорларда тығулы жатады?" деген мақала жарияланған болатын.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар