Қазақстан азаматтары Үндістанға енді визасыз барады

Сағыныш Сардарова 02 ақп. 2026 13:07

Үндістан қазақстандықтарға тегін туристік және медициналық визалар береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына тегін туристік, медициналық және медициналық сүйемелдеу визаларын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтарға 30 күнге дейін визалар визалық төлемсіз рәсімделеді.

"Екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және халықтар арасындағы туристік алмасуды дамыту мақсатында Үндістан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарына 30 күнге дейін тегін туристік, медициналық және медициналық сүйемелдеу визаларын беру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім дереу күшіне енеді", – деп жазылған ресми хабарламада.

Сонымен қатар, Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 14 күнге дейін визасыз бола алады.

Қазақстан азаматтары Үндістан визасын екі жолмен рәсімдей алады:

  • онлайн e-Visa жүйесі арқылы;

  • Үндістанның Астана мен Алматыдағы дипломатиялық өкілдіктерінде немесе шетелдегі елшіліктері арқылы қағаз форматта.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove