Қазақстан әйелдері жасанды интеллектіні игеруді үйрететін тегін онлайн-курсқа қатыса алады

Dalanews 04 мау. 2025 11:12

Қазақстан әйелдері жасанды интеллектіні игеруді үйрететін тегін онлайн-курсқа қатыса алады. Шараны ұйымдастырушы Women in Tech Kazakhstan қауымдастығы аталған білім беру бағдарламасы 9 маусымда басталатынын нақтылайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған курсты оқуға ниет танытушылардың барлығы оған қатыса алады, ол үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет. 

Бұл арада жасанды интеллектіні кәсіби деңгейде де, күнделікті өмірде де қолдану, соның ішінде контент жасау тұрғысында да үйрене алады.

Бағдарлама мыналарды қамтиды:

  • танымал құралдармен жұмыс істеп үйрену (ChatGPT, Gemini, Copilot) ;
  • жасанды интелекті көмекшілерін құру;
  • жасанды интеллектіні баспасөз баянына, видеоларға, жазбаларға және жоспарға пайдалану;
  • технологияларды Telegram арналарға кіріктіре пайдалану.

Курс әр түрлі салада жұмыс істейтін мамандарға да, жасанды интеллектіні жаңадан қолданушыларға да пайдалы болады. Оқу курсы аяқталғаннан кейін оған қатысқандарға арнайы сертификаттар табысталады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар