Қазақстан АЭС құрылысына дайын елдердің қатарында — “Росатом” басшысы

Қаракөз Амантай 13 мам. 2025 13:30 835

“Росатом” мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачёв Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәскеуде өткен “Білім. Бірінші” атты ағарту марафонында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Қазір әлемде атом энергетикасына қызығушылық артты. Көптеген ел ядролық энергия клубына қосылғысы келеді. Біз барлығымен жұмыс істеуге дайынбыз. Қазіргі таңда 20 мемлекетпен келіссөздер жүргізілуде”, – деді Лихачёв.

Оның айтуынша, алдағы уақытта АЭС құрылысына кірісетін елдердің қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Вьетнам және бір еуропалық мемлекет бар.

Қазақстанда қазіргі таңда АЭС құрылысы бойынша мердігерді таңдау процесі жүріп жатыр. Реактор технологиясын жеткізушілердің қысқа тізіміне ресейлік “Росатом” корпорациясымен қатар кореялық KHNP, француздық EDF және қытайлық CNNC компаниялары кірген. Бұған дейін энергетика министрлігі станция құрылысы халықаралық консорциум арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екенін хабарлаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар