“Kazakhmys” корпорациясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Компанияның ресми мәлімдеуінше, Airbus ACJ TwoTwenty бизнес-джеті үшін 84 миллион доллар жұмсалған деген жаңалық шындыққа жанаспайды.
Корпорация өкілдері қандай да бір жеке тұлғаға арналған ұшақ сатып алмағанын айтады. Олардың сөзінше, әуе кемесі компанияның өндірістік қажеттіліктері үшін алынған
Ал қоғамда таралған “Назарбаев үшін арнайы сатып алынды” деген пікір негізсіз әрі жұртты жаңылыстырады.
“Kazakhmys” өкілдері медиа мен әлеуметтік желі белсенділерін таратып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеруге және жалған мәліметке жол бермеуге шақырды. Компания мәлімдемесінде бұл оқиғаға қатысты кез келген айыптау мен алып-қашпа сөздің еш дәлелі жоқ екені атап өтілген.