"Қазақмыс" корпорациясының ұйытқы болуымен Жезқазғанда үстел теннисінен "KAZAKHMYS OPEN" халықаралық турнир өтті

Dalanews 06 қар. 2023 04:31 444

Жезқазғанда Үстел теннисі федерациясы мен “Қазақмыс” корпорациясымен бірлесіп, "KAZAKHMYS OPEN" екі күндік ашық халықаралық үстел теннисі турнирі өткізді. Турнирге 90 спортшы қатысты. 26 теннисші Ұлытау облысының атынан, 60-ы Қазақстанның он бір қаласы мен аймағынан жиналды, тағы екеуі Ресей Федерациясынан келді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әуесқой теннисшілер арасында "Қазақмыс" құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері де бақ сынасты.

Әуесқойлармен қатар жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресейдің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Анна Тихомирова, тараздық теннис клубының жаттықтырушысы Евгений Груздов, Қазақстанның бесінші ракеткасы, спорт шебері Айя Әлімбаева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сарвиноз Миркадирова және Ресей спорт шебері, қазіргі уақытта ШҚО құрамасының чемпионы Иван Никулин қатысты.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев жеңімпаздарды құттықтап, турнир қатысушыларына ақшалай сертификаттар мен дипломдар табыс етті. Спортшыларды Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы да құттықтады.



– Ұлытау облысы, Жезқазған, Сәтбаевта спорттық іс-шаралар және үстел теннисінен "KAZAKHMYS OPEN" халықаралық турнирі өткізілді. Бұл осындай ауқымдағы соңғы турнир емес екеніне сенімдімін, болашақта кәсіби бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін көптеген шаралардың куәсі болатынымыз деп үміттенеміз, – деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.


Турнирдің 49 қатысушысы жасөспірімдер санатында бақ сынасты. Қыздар арасында бірінші орынды Шұғыла Мұқаш, екінші орынды Еркежан Тілегенова, үшінші орынды Аружан Тілегенова иеленді. Ұлдар арасында үздік нәтижені Заңғар Тағабек көрсетті, екінші орынды Ақыл Мақан иеленді, ал үшінші орынға Арсен Қабдолов ие болды.



Әйелдер арасында кәсіби спортшылар санатында бірінші орынды Анна Тихомирова, екінші орынды Сарвиноз Миркадирова, үшінші орынды Гузель Торшаева иеленді. Ерлер арасында бірінші орынға Иван Никулин, екінші орынға Евгений Груздов, үшінші орынға Сағантай Құрмамбаев табан тіреді.

"KAZAKHMYS OPEN" ашық халықаралық турнирі – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС және Қазақстан  үстел теннисі федерациясының бірлескен спорттық іс-шарасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар