Қазақстандық Санжар Әбішев Ұлыбританиядағы жергілікті сайлауда жеңіске жетіп, Вестминстер кеңесінің депутаты атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол Консерваторлар партиясынан Сент-Джеймс округі бойынша сайлауға түсіп, 1110 дауыс жинаған.
Сайлауда жеңіске жеткен Санжар – кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы. Жасы 33-те.
Санжар Ұлыбританиядағы беделді Malvern колледжінде білім алып, кейін университет тәмамдаған. Қазір ол Westminster City Council қалалық атқарушы органының құрамына енді.
Осылайша Әбішев енді Букингем сарайы мен Трафальгар алаңы орналасқан Лондонның орталық бөлігін басқару ісіне қатысады.