Әйел әлеуметтік желілердің біріндегі тікелей эфирде қазақ тілін ұнатпайтынын ашық айтып, қалаға көшіп келген ауыл тұрғындарына тіл тигізген.
«Маған қазақ тілі ұнамайды, сондай мәмбетше тіл ғой. Ауылдан келген мәмбеттер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда жол тығыны болады. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қырғыз тілі де, қазақ тілі де мәмбетше тіл» деген алматылық әйел.
Алматы полициясының мәлімдеуінше, күдіктіге «Қазақстан заңнамасына сай шара қолданылады». Қазақстанда ұлт араздығын туғызған адам жеті жылға сотталуы мүмкін.
Қазақстан билігі бұған дейін де жергілікті тұрғындарды кемсіткен бірнеше адамға іс қозғаған.
Мәселен, 2023 жылғы маусымның басында Орал қаласында жергілікті тұрғындар Денис Рудных пен Кристина Кольенкоға ұлт араздығын туғызды, жікшіл әрекет жасады деген айыптармен іс қозғалған. Олар Chatroulette сервисінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдаған. Тергеу мәліметінше, Рудных қазақтарды "мәмбеттер" деп кемсітіп, Орал – «ежелден Ресей қаласы» деп атаған, Қазақстанға шабуыл жасалған жағдайда Ресей жағында соғысатынын айтқан.
https://dalanews.kz/bas-takyryp/94355-zhengil-atletikadan-qazaqstan-chempion
https://dalanews.kz/news/94401-qazcink-kokshetauda-eski-mektepting-or