Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі атанды

Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі атанды
ашық дереккөз

Қазақ қызы Әсел Робертс АҚШ-тың Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл шешім АҚШ Сенатындағы дауыс беру нәтижесінде қабылданды.

Сенаттағы дауыс беру барысында Робертстің кандидатурасын 46 сенатор қолдап, 43 сенатор қарсы дауыс берген.

Әсел Робертстің кандидатурасын аталған қызметке АҚШ президенті Donald Trump осы жылдың ақпан айында ұсынған болатын.

Осылайша ол АҚШ дипломатиясы тарихында елші деңгейіне көтерілген алғашқы қазақ қызы атанып отыр.

Ақ үйдің мәліметінше, Әсел Робертс енді Словения Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.