Қазақ мұнайы экспортталатын аймаққа шабуыл: шығын көлемі қандай?

Көркем Алдабергенова 04 жел. 2025 13:37

Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуылдан кейінгі залал көлемі әзірге белгісіз. Бұл туралы вице-министр энергетики Ерлан Акбаров мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Акбаровтың айтуынша, залалдың нақты көлемі туралы ақпарат қазір жоқ.

«Зақымданған элементтердің бірі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, екіншісі жүйеге қосылу үстінде. Мұнай тасымалына қатысты қандай да бір шектеулер енгізілген жоқ», – деді ол.

Балама жолдар

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан мұнай экспортын альтернативті маршруттар арқылы арттыра бастады.

Reuters агенттігі мұнай-газ саласындағы бес дереккөзге сілтеме жасап, желтоқсан айында Қазақстан КҚК арқылы жүретін мұнай ағынының бір бөлігін «Баку – Тбилиси – Джейхан» (БТД) құбырына қайта бағыттайтынын жазады.

Ақпаратқа сәйкес, Теңіз бен Қашаған кен орындарынан өндірілетін мұнай танкерлерге тиеліп, Каспий арқылы Бакуге жеткізіледі. Ондаған соң, шикізат Грузия аумағы арқылы Түркияға жөнелтіледі.

29 қарашада КҚК нысандарына шабуыл жасалып, ВПУ-2 деп аталатын құрылғы айтарлықтай зақымданған. Консорциум арқылы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының мұнайы экспортталады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты ресми нота жолдап, наразылық білдірді. Ал Украина тарапы бұл әрекет Қазақстанға қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар