Түрлі химиялық компенеттерден дайындалатын инновациялық өнімді шығару үшін ғалым 10 жылын сарп еткенін алға тартты.
– Дүниежүзінде қалыптасқан қағида бойынша кез келген құрылыс нысанын салғанда оның өртке қарсы қауіпсіздігіне баса мән беріледі. Құрылыс материалдарының 20 пайызға жуғы өрт қауіпсіздігіне жұмсалатынын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Осыдан-ақ, қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесінің қаншалықты маңызды орынға шығып отырғанын байқаймыз. Өз басым өртке қарсы Х-FLAME жабынын әзірлеу үшін 10 жылға таяу уақытымды сарп еттім. Біздің жабынды көрген адам алғашқыда бояумен шатастырады. Иә, оны құрылысқа бояу сияқты қолданылады. Дегенмен оны өртке қарсы жабын деп атаған жөн. Ол ағаш пен темірге бояу сияқты жағылғанмен, өрт орын алған жағдайда химиялық реакцияға түсіп, қалыңдығы 1-1,5 миллиметр көлеміндегі жабын көбіктеніп, өзінің бастапқы қалыңдығынан 50-100 есеге дейін ісініп шығады. Осылайша Х-FLAME құрылыс нысанының қаңқаларын жанып кетпеуден сақтайды. Құрылыстың сырын жетік білемейтін жандар «темір отқа жанушы ма еді» деп жиі айтады. Иә, темір отқа жанбайды. Бірақ қандайда бір ірі нысанда өрт орын алса ол біраз уақыттан соң, температура 500 градусқа дейін көтеріліп, тұтас ғимартты ұстап тұрған темір бағаналар жоғары температура кезінде өзінің беріктік қасиетін жоғалтып, құлап түседі. Осылайша темір бағандар майысып, көз алдыңызда ғимарат опырылып құлап түсуі мүмкін. Егер темір бағаналарға Х-FLAME жабынмен қапталса, мұндай құлаудың алдын алуға болады, – деп Владимир Леондвич бізге өртке қарсы жабынның сырын қысқаша баяндап берді.
[caption id="attachment_21447" align="alignleft" width="379"] Х-FLAME отқа қарсы жабыны ағашты өрттен сақтап қалды[/caption]
Майталман ғалым өртке қарсы жабынның құпия-сырын барынша түсіндіру үшін компюьтерін қосып, жүргізген іс-тәжірибелерін де көрсетті. Ол ағаштан жасалған екі иттің ұясының бірін Х-FLAME өртке қарсы жабынымен қаптап, екіншісін қаптамай өртегенде 10-15 минуттың ішінде қапталмаған ұяшық өртеніп, заматта күлге айналды. Ал өртке қарсы жабын қолданылған ұяшық ісініп, мүлде жанбай қойды. Бұдан кейін Владимир Леондвич жанбаған ұяшықтың сыртындағы көбікті қырып тастағанда ағаш өртенбек түгілі, күйік те шалмағанын көріп, қайран қалдық. Өз кезегінде білікті ғалым ғимарттың жанатын және жанбайтын конструкцияларына Х-FLAME өртке қарсы жабынды қолданса 5 жылға дейін тілсіз жаудан қорықпауға болатынын айтты. Қазіргі таңда Жану мәселелері институты осы бір композиттік құрылыс материалын жыл сайын 60 тоннаға дейін шығарып, еліміз бен сырт елдерге саудалап отыр.
Алматыдағы Розбакиев көшесінің бойындағы «Мега1» сауда кешінін, Абай мен Розбакиев көшесінің қиылысындағы Спорт кешенін, «Ритц Плаз» мейрамханасын және «Абди» сауда кешенін салғанда құрылысшылар отандық өнімді пайдаланыпты. Бұдан басқа еліміздегі ЖЭС-тер де 20 тоннадай Х-FLAME өртке қарсы жабынын сатып алғанын білдік. Сонымен қатар отандық өнім шетелдің дәл осындай жабындарымен салыстырғанда баға және тиімділік жағынан өзінің бәсекелестігін көрсетіпті. Әңгіме арасында бүгінде Жану мәселелері институты шығарып отырға өртке қарсы жабын өзге елдердің өнімдерімен бәсекелесіп, Қазақстандағы нарықтың 30 пайызын қамтып отырғанын білдік. Осы ретте отандық өнім Ресей, Қытай, Ұлбританияда шығатын өртке қарсы жабындардан кем түспегенін айта кетуіміз керек.
Нұрлан ЖҰМАХАНОВ, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.