Қазақ фильмдері және танымал актерлер

Dalanews 04 там. 2016 12:56 16773

Отандық киноөндірісі – көп сынға ұшыраған сала. Иә, әлі сынға қалып жүр. Бірақ, «көш жүре түзелетіні» белгілі ғой.

"Жаңа толқын"

[caption id="attachment_18614" align="alignright" width="180"]111 Режиссер С. Нарымбетов[/caption]

 

2000 жылдардан кейін Сатыбалды Нарымбетов, Досхан Жолжақсынов, Ақан Сатаев, Рүстем Әбдірашев, Ермек Тұрсынов, Данияр Саламат бастаған, бүгіндері елге кеңінен танымал режиссерлердің «Сталинге сыйлық», «Шал», «Келін», «Мұстафа Шоқай», «Аманат», «Біржан сал», «Құнанбай», «Әкем екеуміз» секілді эпикалық тынысы кең фильмдері түрлі пікірге арқау болды.

Ақан Сатаевтың «Адасқандары» киносыншылардың қызу талқысына түссе, «Жаужүрек мың баласы» тарихи үздік фильм деген бағаға ие болды.

Бұлардан кейін Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары», Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» фильмдері де талас-тартысқа толы отандық фильмдердің қатарына енді.

Бұл екі режиссердің бүгінгі күн тақырыбындағы киноларына Қазақстанда көрсетуге шектеу қойғаны да ел арасында түрлі әңгіменің тарауына себепші болғаны шын.

[caption id="attachment_18615" align="alignright" width="315"]kJFmuVA8fUY Режиссер Р. Әбдірәш[/caption]

«Неде болса да, бұл – жақсы құбылыс. Отандық кинофильмдердің билікті және халықты бейжай қалдырмағаны – бұл салада дамудың, өзгерістің барлығын көрсетеді», – дейді кинотанушы Г. Әбікеева.

«Оскарға» жол...

Халықаралық «Оскар» сыйлығына тәуелсіздік жылдары бірнеше фильм ұсынылды. Мемлекеттің қыруар қаржысы жұмсалған бірегей жоба «Көшпенділерден» бастап, Ермек Тұрсыновтың «Келін», «Шал» фильмдері де бақ сынап көрді.«Жаужүрек мың бала» фильмі де ұсынылғанымен, алғашқы іріктеуден арыға ұзай алған жоқ.

Киносыншы Г. Әбікеева Ермек Тұрсыновты отандық кино саласындағы жаңа деңгейдегі құбылыс деп бағалайды.

[caption id="attachment_18616" align="alignright" width="718"]ba88a0a7ba5f069a82213da9d7a8d2d6_big Ермек Тұрсынов[/caption]

«Оның білімдарлығы мен танымдық деңгейінің жоғарылығы және драматургия саласын білетіндігі, сондай-ақ, ұлттық түйсіктегі салт-дәстүрді әлемдік мифтермен байланыстыруға шеберлігі, ең бастысы өзінің бағытынан қайтпайтын, төте жолын табуға құмар ізденімпаздығы өзге режиссерлерде кезіге бермейтін қасиет» деген сыңайда пікір білдіріп жүр.

Қазірдің өзінде «Шал», «Келін», «Жат» секілді туындылары арқылы өз жолын тауып үлгерді. Оның қолтаңбасы – өз заманы мен өткен күндерді бір кеңістікке шомылдыра алатындығында деуге болады.

[caption id="attachment_18617" align="alignright" width="280"]1441109936wv8mi Режиссер Ақан Сатаев[/caption]

Ал Рүстем Әбдірашев «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық» атты фильмдері арқылы кең ауқымды емес, қарапайым өмірді шебер суреттейтінін, онда да фильмдерінде ішкі лирика басым екендігін байқауға болады.

Ол соңғы жылдары «Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы», «Тығырықтан жол тапқан» секілді Президент Назарбаевтың өміріне құрылған бірнеше туындыны түсірді. Саяси тұлғаның өмір жолын өзінің естеліктері мен мақалалары, кітаптары негізінде жасалған бұл фильмдер тек өмірбаяндық мемуар деңгейінен аса алмай қалған жоқ, керісінше бір тағдыр иесінің жолы арқылы тұтас заманды өрнектей білді.

[caption id="attachment_18623" align="alignright" width="343"]82F5A11B-9E92-4FCB-AB21-A8DC3B37F959_cx24_cy1_cw76_w987_r1_s_r1 Данияр Саламат[/caption]

«Оскарды» иелену оңай емес» дейді өнертанушылар. Қазір мықты режиссерлердің көбі «авторлық фильмдерге» ден қояды. Ал «Оскар» сыйлығы ондай фильмдерге емес, бірегей жобаларға, ірі пландарға жұмыс істейді. Сондықтан бүгін-ертең ол биікті бағындыру қиын. Бірақ осы биікті бағындыру үшін күресу керек. Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласы» әжептәуір фильм болғанымен, әлемде ондай тарихи туындылар жетіп артылады және бірінен-бірі өткен мықты фильмдер баршылық. «Оскарға» Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманатын» ұсынып бақ сынаған дұрысырақ...

[caption id="attachment_18619" align="alignleft" width="346"]IMG_9673 Режиссер Әділхан Ержанов[/caption]

Сатыбалды Нарымбетовтің «Мұстафа Шоқай» фильмі де тарихи тұлғаның образын сәтті сомдаған туынды. Ал былтыр экранға жол тартып, көрермен мен киносыншылардың жоғары бағасын алған «Аманат» фильмі – тарихшы, Кеңес одағы кезінде ұлттық тарихты терең зерделегені үшін қудалауға ұшыраған, Кенесары соғысын алғаш жазған Ермахан Бекмаханов туралы түсірілген. Мұнда тарихшының өмір жолы ұлттық тарих пен Кенесары образы арқылы ашылады.

Тұтастай алғанда, аталған туындылардың барлығы – Тәуелсіздіктің төл өнімдері. Қазіргі қазақ киносы туралы айтқанда алдымен осы фильмдер ойға оралатынын ешкім де жоққа шығара алмас.

[caption id="attachment_18618" align="alignright" width="183"]1675 Эмир Байгазин[/caption]

Ал жас талант Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») фильмі көптеген халықаралық сыйлықтарға ие болды. Жас режиссердің болашақта әлемге қазақ киносын танытар жарық жұлдызға айналарына сенімділер өте көп.

 

«Голливуд» арман ба?

Қазақ актерлері «Голливуд» жұлдызы болуды армандайды. Әсіресе, жас актерлер бұл биікті бағындыру – өмірлік мақсаттарының бірі екенін жасырмайды. Олардың қатарында Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Асылхан Төлеповтер бар.

Берік Айтжанов – 1979 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын М. Әуезов театрынан бастаған актер онда көптеген спектакльдерде басты рөлдерді сомдаған. «Махамбет», «Мұстафа Шоқай», «Ағайындылар», «16 қыз», «Ликвидатор», «Жаужүрек мың бала» секілді ондаған фильмге түсіп, көрерменнің көзайымына айналған табысты актерлердің бірі. Ол жуырда Президент Назарбаевтың өмір жолына негізделген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде басты рөлді сомдады.

[caption id="attachment_18620" align="alignright" width="183"]скачанные файлы Берік Айтжанов[/caption]

Өзінің тұтас болмысымен актер екенін дәлелдеумен келе жатқан оның әр фильмдегі рөлдері бірін-бірі қайталамайтындығымен ерекше. Берік өзінің сұхбаттарында отандық киноөндірісін дамыту үшін қаржыдан бөлек, режиссер мен актердің арасындағы байланысты жетілдіру керек, әрі киноларды шетел экрандарына шығару маңызды деп түсінеді.

Көптеген режиссерлер отандық актерлердің мүмкіндігін жоғары бағаламай, шетел жұлдыздарына құмар келетіндігін де жасырмайды. Өзінің айтуынша, актерлер көп оқуы керек. Әсіресе, классикалық әдебиеттерді, тарихи танымдық кітаптарды жіті бақылап, соларды бойына сіңірсе, актердің кез келген образды сомдауына зор септігін тигізеді.

«Менің бір ішкі арманым бар. Ол қазақ киносын, қазақ актерлерінің әлемдік деңгейде сұранысқа ие болуы. «Голливуд» елдің қолы жетпейтіндей қиялдағы әлем емес. Қазақ актерлері де ол биікті бағындыруға қауқарлы. Тек отандық мәдениет саласын басқарғандар соған қолұшын беріп, жолын табуы керек. «Голливуд» режиссерлерімен байланыс орнатсақ, қазақ актерлері олардың фильмдеріне түссе, күні ертең әлемдік деңгейдегі жұлдыздар біздің арамыздан да шығады», – дейді.

Кино саласында жастайынан танылып, елді өнерімен таңғалдырып жүрген тағы бір актер – Нұрлан Әлімжанов.

[caption id="attachment_18621" align="alignright" width="201"]778fe4753ff2e62dfd6a25c4e59412fb Н. Әлімжанов[/caption]

Нұрлан Әлімжанов сегіз қырлы, бір сырлы деуге болады. Актер, әнші, сазгер, жүргізуші, Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Жас тұлпар» сыйлығының тұңғыш иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Актер 1984 жылы Көкшетау өңіріндегі «Кеңащы» елді мекенінде дүниеге келген. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болып қызмет атқарған.  «Шолпанның күнәсі» , «Бақсы», «Ән мен анаша», «Ағайындылар», «Ақсарбас», «Теміртау көктемі», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

Актердің елге кең танылған шағы «Ағайындылар», «Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы» фильмдеріне түскен кезі болды. Ол бұл фильмдерде басты рөлді сомдаумен қатар, өзінің кәсіби актер екенін жан-жақтылы көрсетті. Нұрлан Әлімжанов десе, қазір танымайтын адам кемде-кем.

«Бірінші арманым – қазақтың ерке ұлы болу, екінші арманым – Ресейді бағындыру, үшіншісі – «Голливудқа» шығу. Адам арманға сену керек», – деген осы Нұрлан Әлімжанов.

[caption id="attachment_18622" align="alignright" width="193"]C1tE9wtzOpo Асылхан Төлепов[/caption]

Асылхан Төлепов – еліміздегі ең жас әрі танымал актерлердің бірі. 1992 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2012 жылы «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдап, тез арада танымал болған ол одан кейін «Балалық шағымынң аспаны» көркем фильмі мен «Сұңқар» сериалына түсіп үлгерді.

Жас актердің жұлдызын жандырған режиссер – Ақан Сатаев. «Бәрін уақыт көрсетеді» деп ойлайтын актер Асанәлі Әшімов, Досхан Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов секілді қазақ киносының корифейлерін қатты құрметтейтінін әрі үлгі тұтатынын айтып, «мен үшін осы кісілердің ізін қуудың өзі бақыт» дейді.

P.S.Тәуелсіздік жылдары біз осындай талантты актерлерді тәрбиелеп өсірдік. Әрине, олардың алдындағы аға буынның еңбегін жоққа шығармаймыз. Бұлардан басқа да дарабоздар жетіп артылады. Бірақ, мақсат олардың барлығын тізіп шығу емес, тәуелсіздік тұсында түлеп ұшқан дара таланттарды атап көрсету еді.

Сонымен қатар, «Сталинге сыйлық», «Шал», «Келін», «Мұстафа Шоқай», «Аманат», «Біржан сал», «Құнанбай» сияқты туындылар да осы Тәуелсіздіктің жемісі. Бұдан бөлек авторлық фильмдердің де саны мол. Бұл қазақ киносының әр жанрда дамып келе жатқанын көрсетеді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар