Қазақ футболының ардагері Марат Есмұратов 65 жасында өмірден озды

Сағыныш Сардарова 05 қаң. 2026 15:22

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтты.

"Марат Жалғасұлы - отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан. Кәсіби еңбек жолында "Мелиоратор", "Машук", "Қайрат", СКИФ-"Ордабасы", "Актюбинец", "Мұнайшы»"клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы туған клубы "Қайсар" сапында футболшы мансабын аяқтады", - деп жазылған хабарламада.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соққан. Жаттықтырушы ретінде "Қайсар", "Ақ Бұлақ", БЖМОРСМ №2, "БТА Футзал" МФК, "Жетісу" және "Алтай" клубтарында жұмыс істеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар