29 жастағы Әділхан Қопабаев Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ атанды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Біздің отандасымыз, digital nomad Әділхан Қопабаев Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымын. Енді Әділхан Орталық Азия және Армения аймағын қадағалайтын болады. Бұл жаңа кезең оған көптеген жетістіктер мен кәсіби өсу әкелсін", - деп жазды министр.
Айта кетейік, Әділхан Қопабаев Ақтөбенің тумасы.
Ол 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технологиялар институтын инженер-урбанист және технологиялық менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.
UNIT Global UniStar стипендиясының иегері. 2021 жылы Браун университетін бітірген. Рокфеллер қорының стипендия иегері. Халықаралық консалтингтік және IT компанияларда жұмыс істеген.