«ҚазАгро» холдингі шетелдік тікелей инвестициялар қорын құруды көздеп отыр

Dalanews 25 шіл. 2016 06:17 804

Салаға қосымша инвестициялар тарту мақсатында, «ҚазАгро» Холдингі тікелей инвестициялар қорын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы республиканың АӨК-не шетелден тікелей инвестициялар тарту тақырыбындағы брифингіде «ҚазАгро» холдингінің басқарушы қаржы директоры Бану Ерғалиева мәлім етті.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, ол үстіміздегі жылдың 8 шілдесі күні өткен үкімет отырысында таныстырылды.

Қазақстандық-Венгриялық тікелей инвестициялардың бірлескен қоры пилоттық жоба болып отыр, оның бастапқы капиталы 40 млн.АҚШ доллары және қосымша инвесторлар тарту арқылы Қорды капиталдандыру 150 млн долларына ұлғайтылады. Қазіргі уақыттың өзінде инвестициялық жобаларды іріктеу жүргізілуде.

Қор ADM Capital тәуелсіз компаниямен басқарылады, ол 16 дамушы елдерде ашық және жабық үлгідегі түрлі инвестициялық қорлар арқылы шамамен 1,4 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі  жиынтық капиталды басқарады. Қордың бірлескен болғанына қарамастан, ол Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі басым салаларда іске асырылатын жобаларға үлестік қатысуды жүзеге асырады, кейіннен қор жобадан шығып, өз үлесін сата алады.

Бану Ерғалиева айтуынша, қордың басқарушы компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығының астық өндірісі және өңдеу, мал шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу сияқты секторларында 100-ден астам түрлі инвестициялық жобаларды қарады. Қазіргі уақытта Қорда келісу және қол қоюға дайындау сатысында 3 жоба жатыр: Ақмола облысындағы Сүт-тауарлы фермасы және минерал тыңайтқыштарын шығару зауыты;  Ақтөбе облысында жылыжай кешенін салу.

Тікелей инвестициялардың жаңа қорын FPP Asset Management LLP компаниясымен бірігіп құру жоспарланады.

FPP Asset Management LLP Басқарушы компания болады, оның тікелей инвестициялар қорын басқарудағы тәжірибесі мол. Басқарушы компанияның негізгі міндеті, корпоративтік басқарудың тиімділігін жақсарту және әлемдік озық тәжірибелерді енгізу, жобаларды қаржылық бақылау, тәуекелдер картасын әзірлеу және қолдану, жобалардың операциялық мониторингі, сондай-ақ қаржыландыруды тарту арқылы компанияның қоржындық құнын жоғарылату болып табылады.

Қордың әлеуетті инвесторлары үшін аграрлық секторда және даму нарығында маңызды тәжірибесі бар тәуелсіз басқарушы компанияның болуы Қорға инвестициялау туралы шешім қабылдау кезіндегі маңызды фактор болып табылады.

Қордың мақсаты - қазіргі уақытта ресурстар жетпей жатқан қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешені жобаларын дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, балық өсіру, сүт өндірісі, дәнді және май дақылдарының өндірісі мен ауылшаруашылық техникасын құрастыру сияқты бағыттар шеңберінде жаңа жобаларды қаржыландыру болып табылады.  Жобалар бастапқы өндірісті, қайта өңдеуді, логистиканы, сақтауды және өндіріс құралдарын жеткізуді, сауда-саттықты қарастыратын болады. Қаржыландырудан басқа, қордың қызметі технологияның трансфертін және жоба менеджментін сапалы жақсартуды тұспалдайды.

Осылайша, қордың қызметі Қазақстанның аграрлық саласын индустрияландыруға ықпалын тигізеді.

Бірлесіп іске асыру үшін шетелдік серіктестерді іздестіру мақсатында, «ҚазАгро» холдингінің перспективалық инвестициялық жобалары холдингтің корпоративтік порталында орналастырылған, сондай-ақ олар туралы ақпарат әлеуетті шетелдік инвесторлар арасында тарату мақсатында Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына жіберілді.

Кездесу барысында шетелдік делегацияға Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы жалпы жағдай туралы, оны қолдаудың мемлекеттің шаралары, «ҚазАгро» холдингі мен оның еншілес кәсіпорындарының қызметі, «ҚазАгро» холдингі компаниясы тобының отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыру шарттары туралы ақпарат беріледі.  Осы ретте шетелдік компанияларға Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру бойынша бірлескен команиялар құру үшін қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің арасынан серіктестер іздестіру мәселесін қарастыруға ұсыныс жасалады.

 

Дереккөзі: Қазақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар