Қайтарылған активтердің 9 млрд теңгесі қайда жұмсалмақ?

Сағыныш Сардарова 05 мау. 2025 13:00

Арнайы қордан 9 млрд теңгеден аса сома Ақтөбе облысына бағытталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаражат 12 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген.

"Ауыл медицинасына ерекше назар аударылды. Алға ауданының Маржанбұлақ ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы басталды. Жобаға 190 млн теңге бөлінді. Бұл жергілікті тұрғындарды облыс орталығына бармай-ақ қажет медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек облыстың тағы 10 ауылында жаңа медициналық мекемелердің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына арнайы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар