Қайрат Сатыбалдының шетелде жасырған кезекті қазына байлығы табылды

Dalanews 12 мам. 2023 06:01 1142

Қазақстанға 760 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Бас прокурор Берік Асылов осылай деді.

«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, біз бірлескен күш-жігермен елге 760 миллиард теңгенің активтерін қайтарып алдық. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен осы іске тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр», - деді Асылов.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі оның 575 миллион доллары шетелдік юрисдикциялардан келгенін атап өтті. Асыловтың айтуынша, басқа мемлекеттерге активтерге қатысты құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден астам өтініш жіберілген. Нәтижесінде құны 100 миллион доллардан асып жығылатын мүлік тәркіленген.

«Қайрат Сатыбалдының ісіне байланысты шетелден ондаған миллион доллар тұратын қымбат алтын әшекейлер қайтарылды. Активтер Лихтенштейннен, Австриядан, Гонконгтан және БАӘ-ден қайтарылды », - деді Активтерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз хатшысы Әліпбек Зейін.

...

Айтқандай, Кремль Қазақстандағы болашақ президент сайлауында Тасмағамбетовты кандидат ретінде көріп отыр. Осы арадан оқыңыз: https://t.me/dalainside/1310

 

https://dalanews.kz/news/89268-qaytqan-malda-qayyr-bar-nazarbaevan

https://dalanews.kz/news/89199-qudyqtyng-suyn-suzip-iship-otyrmyz

https://dalanews.kz/aimak/89211-deputattar-turkistan-oblysynyng-auyl

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар