Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған ғимарат сатылды

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2024 14:21 1676

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған "Орион" бизнес орталығы сатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл ғимаратты Сатыбалды өз еркімен мемлекетке қайтарған болатын. 

Kursiv.media мәліметінше, аукцион 24 қазанда өткен. Бизнес орталығының бастапқы құны 6,2 миллиард теңге болған. Ал жалпы аумағы 21,5 текше метр. Ғимараттан бөлек, 0,6315 гектар жер қосымша берілген.  

Толық салынып бітпеген алты қабаттан тұратын ғимараттың екі қабаты көлік тұрағы болған. 

Аукционға нақты қанша адам қатысып, ғимарат қанша теңгеге сатып алынғаны белгісіз. 

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының меншігінде болған ғимарат Ұлттық университетке қайтарылған болатын. 

Ол – Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын “Kaisar Tower” бизнес-орталығы. Нысан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар Т.Жүргенов атындағы “Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат осылай өткізілді.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарылған активтердің қолданылу барысын тұрақты негізде қадағаланатынын хабарлайды. Жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені қайтарды. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар