Қайрат Сатыбалды мен өзге жемқорлардың ақшасы қандай мақсатта жұмсалып жатыр?

Көркем Алдабергенова 12 ақп. 2025 12:54 2130

Антикор мәжілісте жемқорлардан қайтарылған активтер қандай мақсатта жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қайтарылған қаражат мектеп құрылысына бөлінгенін көрдім. Ұлытау облысы, Қаражал қаласындағы мектеп құрылысы. Мен де өзім де есептей бастадым: Қаражал қаласында 27 мың студент бар. Оның үстіне облыс осыдан 2-3 жыл бұрын құрылған. Жаңа мектеп қажет, сыныптарда балалар толып отыр. Сонымен қатар, қазір Ақмола облысының Зеренді қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Түркістан облысында өнер мектебі салынады. Осыдан бір апта бұрын ғана БАҚ-та жаңадан жедел жәрдем ғимараты салынады деген ақпарат тараған болатын", дейді антикор төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов. 

Еске салайық, 7 ақпанда Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында жаңа мектептің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлген болатын. 

Қазіргі таңда ауылда 53 оқушы екі ауысымда оқитын жалғыз мектеп бар. Білім ордасында спорт және акт залдары, асхана жоқ, сондай-ақ пәндік кабинеттердің жетіспеуі оқу процесіне кері әсер етуде. Бұл мәселені шешу үшін 60 орындық жаңа мектеп бой көтермек.

Жаңа оқу орны заманауи стандарттарға сай салынып, ауыл оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептегі орын тапшылығы да реттелмек. Қазірдің өзінде ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала бар, яғни алдағы жылдары оқушы саны арта түспек.

Жалпы, Үкімет Арнайы мемлекеттік қор есебінен 58 млрд теңгені әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағыттаған.

Бұл қаражат есебінен 5 мектеп (біреуі – музыкалық), 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық жәрдем стансасы салынады.

Сонымен қатар, Арқалық, Астана және Алматы қалаларында заңсыз иемденілген активтерді қайтару аясында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар