Қайрат Сатыбалды марқұм анасын еске алып, ас берген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бір жылдық ас 18 қазан күні Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен.
Светлана Назарбаева былтыр 22 қазанда 77 жасында өмірден өтті.
Светлана Назарбаева филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, "Дәуір" полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры болған.
Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын "Интердизайн-АС" астаналық компаниясының да иесі болған.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіш – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері.