Біздің қоғамда орыс тілін білмеу шынымен де ұят па? Біздіңше, мұның ешқандай сөкеттігі жоқ. Қайрат еліміз тәуелсіздік алған жылдары өмірге келіп, ат жалын тарап мінген азамат. Сондықтан оның орыс тілін жетік білмеуі заңдылық. Бұл қайта тәуелсіздіктің жемісі. Керісінше қоғамдық өмірімізде мұндай үрдістің жүріп жатқанына қуануымыз қажет.
Біз Ресейге бағынышты ел емеспіз. Сондықтан орыс тілін бізге білу міндет емес. Сондықтан "Қайрат орыс тілін білмейді" деп орынсыз жерге ши жүгіртуге болмайды. Алдағы уақытта орыс тілін білмейтін жастардың қатары артып, қарат коммунистердің саны сирейтіні заңдылық.
Бүгінде қазақ жастары ағылшын тілін меңгеріп, еліміздің әлемдік кеңістікте тантыуға бар күш-жігерін жұмсауы керек. Миллиардтаған қытайды аузына қаратқан Димаш байқау барысында қазақ және ағылшын тілінде ғана сөйледі ғой. Біздің әншілер орыстың сахнасына шыққанда да қазақ тілінде сөйлеп, орыс тілді қауымның жетегінде кетпеуі керек.
Бүгінде дамыған Батыс елдерінің экономикалық қыспағында қалған Ресейдің орыс тілі елімізде ұмытыла беретіні сөзсіз. Бұдан трагедия жасаудың жөні жоқ. Егер орыстар Қайрат Нұртаспен емен-жарқын әңгіме құрғысы келсе тілмаш арқылы сөйлесуіне болады.
Нұрлан Жұмахан
https://dalanews.kz/27084