Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, әншіге 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды.
"Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысуымен өтіп жатқан туған күнді анықтады.
Келушілер арасында Қайрат Нұртас та болды, ол да басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды,– деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов.
Әншінің бұған дейін Алматыда жасырын өткізілген тойда болып, тексеру кезінде рестораннан қашып бара жатқан видеосы тарап кеткен.
Әншінің өзі елді шулатқан даулы видеоға байланысты ақталғандай болып, видео жариялады.
"Қашты дей ме? Құдайға шүкір, Алматыда жүрміз. Кеше бір ағамыздың туған күніне барып едік. Дәл мені ұстағысы келді ме? Маған қарап қалды ма? Алланың көзі тура болсын, құдай бар ғой", – деді ол.
https://youtu.be/Te8QLO23yEk