«Қайрат» футбол клубы 2026 жылы Алматы бюджетiнен 840 млн теңге алады

Көркем Алдабергенова 22 қаң. 2026 10:04

Жекеменшікке тиесілі «Қайрат» футбол клубына 2026 жылы Алматы қаласының бюджетінен 840 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қалалық бюджеттің егжей-тегжейлі шығыстарына сілтеме жасаған Besmedia жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бөлінетін қаражаттың негізгі бөлігі - 750 млн теңге -клубтың қызметін қамтамасыз етуге бағытталмақ. Оның ішінде Премьер-лигадағы негізгі команда, жастар құрамы және футбол академиясының жұмысы қамтылады.

Қазіргі таңда «Қайрат» клубының құрылымында 103 қызметкер бар. Олардың қатарында негізгі құрам мен «Қайрат Жастар» командасының футболшылары мен бапкерлері, сондай-ақ академияда жұмыс істейтін 41 жаттықтырушы бар. Академияда бүгінде 800-ден астам бала білім алады.

Бұдан бөлек, Алматыда футзалды дамытуға 90 млн теңге қарастырылған. Бұл қаржы жаттығу үдерісіне, жарыстарға қатысуға және болашақ спортшылар резервін даярлауға жұмсалмақ.

Сонымен қатар «Қайрат» клубы 2025–2026 жылғы маусымда өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. Бұл жетістік клубқа шамамен 20,2 млн еуро, яғни 12 млрд теңгеге жуық табысқа кепілдік беріп отыр.

Оның ішінде 18,5 млн еуро клубқа турнирге қатысқаны үшін ғана төленген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove