Qasqa Jol YouTube арнасында Наташа Қалымбетованың өміріндегі ауыр оқиғаға арналған жаңа сұхбат жарық көреді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бағдарлама анонсына сәйкес, кейіпкер 32 жыл бойы жүрегінде сақтап келген сырын алғаш рет көпшілікке жария етеді.
Сұхбат барысында Наташа Қалымбетова жас кезінде бастан өткерген зорлық-зомбылық, оның салдары және әділдік жолындағы күресі туралы әңгімелейді. Бағдарлама сипаттамасында әйелдің өміріне түбегейлі әсер еткен оқиғалар, сондай-ақ оның ана ретінде бастан кешкен қиын тағдыры сөз болатыны айтылған.
Жоба авторларының мәліметінше, Наташа ұзақ жылдар бойы қорқынышпен өмір сүргеніне қарамастан, бүгінгі күні шындықтың ашылып, кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайтынын жеткізген.
«Әлі күнге дейін қорқамын. Бірақ соңына дейін күресуге дайынмын», – дейді кейіпкер.
Бағдарламада әйелдің жазылмаған жан жарасы, әділдікке ұмтылысы және жылдар бойы ішінде сақталған мұңы кеңінен қозғалады. Авторлар сұхбаттың көрерменді бейжай қалдырмайтынын атап өтті.
Сұхбаттың толық нұсқасы Qasqa Jol арнасында жарияланады.