Қаскелеңдегі оқушы қазасы: мектеп директоры қызметінен босатылып, бірнеше мұғалім жазаланды

Қаракөз Амантай 28 мам. 2025 14:53

Алматы облысында мектеп бітіру кешінде болған кісі өлтіру оқиғасынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Алматы облысындағы кісі өлтіру фактісі бойынша кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, екі айға қамауға алынды. Қасақана адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу тобы жұмыс істеуде. Сот санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Қазір белсенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мектеп директоры қызметінен босатылды, ал оқу ісінің меңгерушісі мен екі сынып жетекшісіне қатаң тәртіптік шара қолданылды”, – деді Әділов сәрсенбі күні Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, бұл қылмыстың алдын алуға қатысты себептер мен жағдайларды жою жөнінде тергеу тобы тиісті ұсыныс енгізген. Вице-министр барлық мән-жай әлі де анықталатынын атап өтті.

Еске салайық, 24 мамыр күні Алматы облысы, Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші кезінде оқушы қайтыс болды. Оқиға қала сыртындағы коттеджде болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар