Қасымов қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді

Dalanews 26 қыр. 2017 01:08 890

ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатынан соң ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов депутат Бақытжан Әбдірайымның қазақ тілінде сөйлеуге қатысты сынына жауап берді



«Бұл мәселені орнына келтіреміз. Ендігі Үкімет сағатына келген кезде бұл ескертулер орындалады», - деді Қ.Қасымов. Қасымов мырза бұл уәдесін қаншалықты сақтайтынын уақыт көрсетеді. Қазіргі таңда полицияда ауылдан шыққан қазақтың балалары жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі орыс тілін жетік білмейтіні анық. Қазір полиция мен әскерге тек қана қазақтар жұмысқа орналасады. Біраз жылда сол жастар өсіп, жоғары билікке барғанда қазақ тілі құқық қорғау саласында үстемдік құруы мүмкін. Жалпы қазір барлық салада қазақ тілді жастар өте көп. Сәл шыдасақ бәрі сала қазақланатын болады. Мұны Қасымов сынды министрлер сезіп, қазақ тілінде сөйлеуге уде беріп жатса таңқалудың қажеті жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар