Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Халық Кеңесі мүшелері нақты қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Вице-министрдің сөзінше, Халық Кеңесінің барлық мүшесіне еңбекақы бірыңғай жүйеге сәйкес төленеді.
"Басқаша жауап берейін. Тағы да түсіндірейін. Барлығы еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жалақы алады. Бірыңғай еңбекақы жүйесінің өзі қызметтік пайдалануға арналған. Сондықтан кім қанша алатынын нақты айтуға мүмкіндігім жоқ", - деді Абзал Бейсенбекұлы.