Қарттарға жасалған қамқорлық (фото)

Dalanews 08 мау. 2017 10:24 943

Жақсылық жасауды міндет емес, парыз деп түсінген дұрыс шығар. Ал егер сіздің кәсібіңіз медицина саласымен байланысты болса, бұл екеуін қатар алып жүру әрі қызметтік, әрі адами мақсатыңыз болуы тиіс.

Медициналық қызмет көрсету шарасының ІІ айлығында Алматы қаласы 2-ші қосалқы стансасының Жедел жәрдем  қызметкерлері Ардагерлер үйіне барып осындағы 90-нан аса қарияға ем-дом көрсетті.



Қан қысымдарын тексеріп, артынша электрокардиограммаға түсірді. Жалпы денсаулық жағдайына байланысты ақыл-кеңестер берді.



Қарттар жағы өз кезегінде мұндай жылулық мен қайырымдылыққа разылық танытып, Гиппократ антын қабылданған ақ халаттыларға алғысын жаудырды.



Басы ауырып, балтыры сыздағандарды медициналық тексеруден өткізу үшін 10-ға жақын маман келіпті. Көз, жүрек, буын, жүйке ауруларын қарайтын дәрігерлердің бос уақыты болмады.







Өз кезегінде аталған істің басы-қасында жүрген аға дәрігер Ақнұр Тынысбекова мұндай шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар