Qarmet ArcelorMittal-ға 112,5 млн доллар қарызын төледі

Qarmet ArcelorMittal-ға 112,5 млн доллар қарызын төледі
Qarmet
Qarmet (бұрынғы" АрселорМиттал Теміртау", АМТ) ArcelorMittal алдындағы борышына қатысты жоспарланған төрт транштың біріншісі бойынша төлем жасады.  2024 жылдың IV-тоқсанындағы компанияның қаржылық ...

Qarmet (бұрынғы" АрселорМиттал Теміртау", АМТ) ArcelorMittal алдындағы борышына қатысты жоспарланған төрт транштың біріншісі бойынша төлем жасады.  2024 жылдың IV-тоқсанындағы компанияның қаржылық қорытынды есебінде осылай деп көрсетілген. Мәміле сомасы құжатта нақтыланбайды, бірақ бұл жерде Qarmet-тің төрт жыл ішінде өтеуге міндетті 450 миллион доллар көлеміндегі ұзақ мерзімді қарызы туралы сөз болып отырғаны белгілі, деп жазады Dalanews.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің делдал болуымен ArcelorMittal-дың қазақстандық активтерінің бақылау пакеті  – Qazaqstan Investment Corporation (QIC) мемлекеттік даму институтына өткені туралы 2023 жылғы 8 желтоқсанда белгілі болды. QIC өз кезегінде кәсіпорынды машина жасау жобаларымен танымал, қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьевтің Qazaqstan Steel Group компаниясына берген.  

Qarmet-тің қыруар қарызы туралы қазақстандық активті сату жөніндегі мәміле кезінде, яғни Лавреньевке жария етілді. Мәміле сомасы 286 млн долларды құрады, ал Qarmet-тің өтеуі тиіс бұрынғы меншік иесінің алдындағы АМТ және "АрселорМиттал Ақтаудың" берешегі 700 млн доллар болды құрады, оның ішінде 250 млн - қысқа мерзімді топішілік міндеттемелер, ал 450 млн – компания жыл сайын төртке теңдей үлеспен өтеу туралы шешім қабылдаған ұзақ мерзімді қарызы. Осылайша, 2027 жылдың соңына қарай АМТ үшін ақша аударымдарының жалпы сомасы 986 млн долларды құрамақ.

ArcelorMittal-дың аналитикалық есебінде 2023 жылдың ІІІ-тоқсанының қорытындысы бойынша АМТ-ның сол кезеңдегі баланстық құны  1,8 млрд доллар болғаны айтылады. Сонымен қатар, Қазақстаннан кетіп бара жатып ArcelorMittal "Қазақстан халқына" қорына Қарағанды облысының әлеуметтік дамуына деп 16 млрд теңге бөлетін болып сөз берген. Компания 29 желтоқсанда бұл төлемді жасады.

Бұған дейін сайтымызда "11 айда 3 млн тоннадан астам болат. Qarmet биыл қандай жұмыстар атқарды" деген материал жарияланған болатын.