Freedom Inside '26

Қарбыз арасындағы "құпия": Шымкент тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Қарбыз арасындағы "құпия": Шымкент тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді
ІІМ

Шымкентте есірткі өсіріп, сатумен айналысқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті өз үйінің аумағында қарасора өсіріп, одан гашиш пен марихуана дайындап, сатуға әзірлеген.

Тінту кезінде егістік арасынан құрамында есірткісі бар шамамен 130 түп өсімдік анықталды. Бұдан бөлек, шаруашылық құрылыстарынан 330 келіден аса есірткі шикізаты және сатуға дайындалған буып-түйілген өнім тәркіленген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы, есірткіні өткізу арналары және заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге адамдар анықталып жатыр.