Freedom Inside '26

Қарағандыда өндірілген 90 мың «Спутник V» вакцинасы облыстарға бет алды

Қарағандыда өндірілген 90 мың «Спутник V» вакцинасы облыстарға бет алды
Таяу күндері тұрғындарға Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген COVID-19 вирусына қарсы «Спутник V» вакцинасы егіле бастайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz дәрі-дәрмек тарататын бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда жұмыс сапарымен өңірге вице-премьері Ералы Тоғжанов келеді. Оның қатысуымен вакцинаны жүкке тиейді.

– Ертең аймақтарға жіберуге дайындық басталады. Барлығы 90 мың дана. Бұл – Қазақстанда өндірілген бірінші вакцина. «СК-Фармацияның» төрт хабы – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізіледі. Ол жақтан басқа аймақтарға жіберіледі, – деді СК-Фармация» баспасөз қызметінің жетекшісі Серік Мұқашев.