Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы өлі табылды: күдікті өзіне қол жұмсады

Сағыныш Сардарова 27 нау. 2026 16:22

Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген адам өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

"Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті өз атына тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған", - деді өңірдің полициясы.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының денесі табылғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove