Қарағандыда анасы мен кәмелетке толмаған қызының денесі табылды

Қаракөз Амантай 27 нау. 2026 09:18

Қарағандыда Крылов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Выход к правде телеграм арнасының мәліметтеріне сәйкес, марқұмдардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері мен жарақаттар болған. Бұл жағдай олардың қасақана өлтірілгенін меңзейді.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір күдікті анықталып, оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары қолға алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove