Қарағанды облысында жер сілкінісі тіркелді

Сағыныш Сардарова 30 қаз. 2024 14:24 1907

Қарағанды облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды  Dalanews.kz.

Сейсмикалық станциялар желісі 30 қазанда Қазақстан аумағында жер сілкінгенін растады.

"Астана уақыты бойынша сағат 10:59:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 47,572 N. 75.347 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматының солтүстік-батысынан 500 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 26 қазанда Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді.

Ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес 26 қазанда Астана уақытымен сағат 11:24-те Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Магнитудасы 3,6 болған. Энергетикалық класы - 8,3.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар