Қорғаныс министрлігі өкілдері Қазақстаннан Ресейге неліктен әскери техника жіберілетінін түсіндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей Федерациясы аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу-2026" және "Эшелон-2026" оқу-жаттығуы жоспарланған.
"Оқу-жаттығуларға дайындық және оны өткізу барысында, 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстан аумағынан Мисящ стансасына дейін (Челябі облысы, Ресей) және кері қарай теміржол көлігімен әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады. Оқу-жаттығулар барысында далада сабақтар өткізіліп, шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады", - деді министрлік өкілдері.
Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Оқу-жаттығулар тұрақты түрде ұйымға мүше мемлекеттер аумағында кезекпен өткізіледі.