Қазақстанда ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге банк картасын ашу жеңілдейді

Қазақстанда ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге банк картасын ашу жеңілдейді
Фото: ЖИ

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге банк картасын рәсімдеу жеңілдейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы ішкі бақылау қағидаларын өзгертті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа тәртіп бойынша мұндай шетелдіктер тәуекелі жоғары клиенттер тізімінен шығарылды. Енді бейрезиденттерге міндетті сауалнаманы толтыру қажет емес, сондай-ақ олардың телефонының IMEI коды тексерілмейді.

Дегенмен тәуекел деңгейі жоғары немесе алаяқтыққа қатысы бар деген күдік туғызған клиенттерге қатысты күшейтілген тексеру жүргізіле береді.