Қазақстандықтарды қазан айында қатарынан үш күн демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Күздің екінші айында елімізде ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі.
Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты мерекелік демалыс күні келесі жұмыс күніне, яғни дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазан күндері қатарынан үш күн демалады.
Сондай-ақ 26 қазаннан бастап мектеп оқушыларының күзгі каникулы басталады. Демалыс 1 қарашаны қоса алғанда жалғасады.