Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасап, жаңа iPhone 18 телефонын сыйлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі сыйлықты алдын ала айтпай, енесінің реакциясын видеоға түсірген. Әбдікәрімованың сөзінше, ол Гүлзира Айдарбековаға ерекше бургунди түстегі жаңа смартфонды тарту еткен.
Қайрат Нұртастың жары сыйлықты табыстау үшін қара шаңыраққа барып, енесіне тосынсыйы бар екенін айтқан. Гүлзира Айдарбекова сыйлықтың не екенін бірден болжаған.
Жаңа телефонға риза болған ол келінінің сыйлығына алғысын білдірді.
"Тұла бойым тұңғышымның сүйіктісі, менің алғашқы қуанышым – келінімнен сыйлық. Құрбыларымның арасында бірінші болып iPhone 18-ді мен ұстадым", – деді Гүлзира Айдарбекова.
Ал Жұлдыз Әбдікәрімова енесіне телефонды игілігіне пайдалануды тілеп, оған тек жақсы хабарлар келсін деген тілегін жеткізді.