Қарағанды облысында әскери техникалар жүр. Әкімдік түсініктеме берді

Кәмшат Тілеухан 16 там. 2025 13:47

Қарағанды облысында бір ай бойы әскери оқу-жаттығу өткізіледі. Оның барысында өңірде әскери техникалар ары-бері жүретін болады. Облыстық әкімдік осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының аумағында алдын ала жоспарланған жауынгерлік дайындық іс-шаралары аясында оқу-жаттығу өткізілетіні айтылған.

Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер полигондарға аралас тәсілмен – теміржол, әуе және автокөлікпен марш жасайды. Әскери техниканың жүру бағыттары туралы ақпарат мүмкіндігінше алдын ала хабарланатын болады.

"Аталған іс-шараларды өткізу мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жұмысына, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізбейді", делінген хабарламада.

Облыс әкімдігі әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар