Қарағанды ​​және Қостанай облысындағы 6 жұмысшының өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды

Қаракөз Амантай 08 қаз. 2024 16:55 2032

Қарағанды және Қостанай облыстарындағы алты адамның өліміне себеп болған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Тергеу нәтижесінде болған қайғылы оқиғалардың мән-жайы мен себептері анықталады.

“2024 жылы 5 қазанда сағат 19:30-да "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Саяқ" кенішінің аумағында – "Балқаштүстіметалл" ӨБ-де тау-кен шебері 1990 жылы туған Д.Игембаев, теспе бұрғылаушы 1967 жылы туған О. Зекей және бұрғылаушының көмекшісі 2001 жылғы М.Тұрыспаев белгісіз газбен уланған. Жазатайым оқиға салдарынан Д.Игембаев пен М.Тұрысбаев қаза тауып, О.Зекей Балқаш қаласындағы қалалық ауруханаға жіберілді”, – делінген хабарламада.

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тергеп, тексеру үшін Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

2024 жылы 6 қазан күні Рудный қаласында "Imperial Agro Group" ЖШС жалға алған диірмен кешенінің аумағында №5 ұн бункерінен 1987 жылы туған Е.Бошыковтың, 1994 жылы туған А.Өтегеновтің, 1978 жылғы Д.Калауовтың және 1976 жылы туған С.Шакиртаеваның мәйіті табылды. 

"Imperial Agro Group" ЖШС басшысының айтуынша, Е.Бошықов іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша технолог ретінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет еткен. Ол өзге қайтыс болған азаматтар туралы ештеңе білмейді. Өйткені айтуынша, аталған адамдармен еңбек қатынастары болмаған.

Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және аталған азаматтармен еңбек қатынастарының болуын немесе болмауын анықтау үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті комиссия құрды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар