20, 21, 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғып, көктайғақ болады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ, 22 қарашада батысы пен солтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Ауа температурасы да өзгермейді.
