Қонаевтағы «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС қызметкерлері 15 наурызда өтетін республикалық референдумға бейжай қарамай, белсенді қатысуға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ұжым өкілдерінің айтуынша, елдегі маңызды шешімдерге әр азамат өз үлесін қосуы тиіс.
«Референдум – бұл болашаққа бағытталған таңдау. Біз өндіріс саласында еңбек ете отырып, ел тұрақтылығы мен дамуының маңызын жақсы түсінеміз», – дейді кәсіпорын мамандары.
«Қапшағай Бидай Өнімдері» – өңірдегі тамақ өнеркәсібі бағытында жұмыс істейтін өндірістік нысан. Кәсіпорында ұн, құрама жем және сұйық май өндіріледі. Өнімдер экспортқа шығарылады. Зауытта өндірістік желілер кезең-кезеңімен жаңартылып, сапа талаптарына сай жұмыс жүргізілуде.
Кәсіпорын өңір экономикасына үлес қосып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ұжым мүшелері елдегі саяси науқандарға қатысу – саналы азаматтың ұстанымы екенін атап өтті.
Қызметкерлер 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысуға шақырып, бұл қадам мемлекет дамуына қосылатын ортақ үлес екенін жеткізді.
