Қаңтар кезінде өртенген медиаорталықтың тағдыры не болмақ?

Сағыныш Сардарова 06 мам. 2025 14:59 399

Алматыда "Қазақстан" жаңа медиаорталығының құрылысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда "Қазақстан "РТРК" АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Әкімдік мәліметінше, бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60%-ы орындалған.

"Құрылыс 93,3%-ға Алматы қаласының бюджеті есебінен (22,2 млрд теңге) қаржыландырылады. Құрылысты аяқтау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.

Алматы құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес, болашақ медиа орталық заманауи телестудиялармен, дыбыстық павильондармен, монтаждау залдарымен және іскерлік іс-шараларға арналған кеңістіктермен жасақталады.

"Техникалық жарақтандыру халықаралық деңгейде телевизиялық және кинематографиялық контент жасауға, сондай-ақ, цифрлық форматтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи, технологиялық медиаорталық болады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар