24 қаңтар күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік қызметі қару жасырылған жерден «Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды және өзге 30-ға жуық қару-жарақты, 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патронды тәркілеген болатын.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталуда.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүруде.