Қанат Ислам колумбиялық боксшыны ұрып жықты

Dalanews 24 нау. 2015 04:09 877

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Дүйсенбі күні, 23 наурызда 30 жастағы қазақстандық Колумбия боксшысы Орландо Де Хесус Эстрадамен жекпе-жек өткізіп, WBA Fedelatin титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Колумбияның Баранкилья қаласында өтті. Кездесудің алғашы минуттарынан-ақ Қанат шабуылға кірісті, бірақ оның қарсыласы да бірнеше соққы жасай білді. Екінші раундта қазақстандық белден төмен соққы жасап қойып, бір ұпайдан айырылды. Ал үшінші раундта Қанат Ислам қарсыласын екі рет тізерлетті - екі жағдайда да Орландо Де Хесус Эстрада нокдаунға түсті.

Төртінші раундтың басында қазақстандық боксшы колумбиялықты сол қолмен ұрып, тағы да құлатты. Төреші санай бастаған кезде ол қарсыласының басымдығын мойындап, жеңілгендігін білдірді.

Осылайша, Қанат Ислам 19-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр (оның ішінде 16 жеңісі уақытынан бұрын аяқталды, жеңіліс жоқ). Осыған дейін боксшының 2015 жылы бес кездесу өткізуді жоспарлағаны хабарланған еді. Ол WBA тұжырымында бесінші орынға көтерілгісі келеді.

Айта кетейік, кештің басқа жекпе-жегінде 24 жастағы Жанқош Тұраров Колумбия боксшысы Дунис Линанды уақытынан бұрын жеңді. Кездесу жетінші раундта тоқтатылды.

https://www.youtube.com/watch?v=S1TMfidv9Po&t=117

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар