Қамауға алынғандарға VIP-камера ұйымдастырған ҰҚК қызметкері сотталды

Көркем Алдабергенова 04 сәу. 2024 11:57 2134

Қамауға алынғандарға VIP-камера ұйымдастырған ҰҚК қызметкері сотталды

Алматыдағы аудандық сотта ҰҚКД бесінші басқармасының бұрынғы бөлім бастығы Жанен Айтқұловқа үкім шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп.

Жанен Айтқұлов 2019-2022 жылдары тергеу изоляторында алты коммерциялық камера құрып, қамауға алынғандардан қымбат сыйлықтар алып отырған деген күдікке ілінген болатын. Алайда тергеуде де, сотта да Айтқұлов VIP-камераларда қанша пайда тапқаны анықталмаған.

Тараптардың жарыссөзі барысында қорғаушы соттан Айтқұловты оның кінәсі дәлелденбегені үшін толық ақтауды, ал айыптау үкімі шығарылған жағдайда оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Адвокаттар Самат Әбіштің ісі бойынша бойынша шығарылған үкіммен де салыстырған.

Айтқұловтың қорғаушылары төрағалық етуші судья Дархановадан гуманизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сотталушыға шартты жаза тағайындауды сұрады. Адвокаттар Жаненнің де кішкентай балалары барын ескеруді, оған Самат Әбішке тағайындалғандай жаза беруді сұраған.

Алайда сот шешімімен Айтқұлов Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Сот үкімімен Самат Әбіш ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. ҚР ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар